Жоғарғы Сот судьясы А.Қасымов Қызылорда облысы соттарының жұмысына оң баға берді
Қызылорда облыстық сотында 2016 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті.
Кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы Ақылтай Қасымов, Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков, облыстың судьялары мен соттар әкімшілігінің басшылығы қатысты.
Іс-шараны Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков ашып, өткен жыл ішінде облыс соттары судьяларының сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындыларын айтып өтті.