Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының делегациясы Қазақстанның Әскери сотында болды
Әскери соттың жұмысымен көрнекті танысу мақсатында Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының делегациясы Қазақстан Республикасы Әскери сотына келді.
Әскери соттың жұмысымен көрнекті танысу мақсатында Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының делегациясы Қазақстан Республикасы Әскери сотына келді.
Республикалық соттар Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды.
«Балаларды қорғау күні» мерекесінде Атырау облысының жас судьялары «Шаңырақ» балаларды тәрбиелеу ауылында болып, 4-18 жас аралығындағы 47 бүлдіршінді тәрбиеленуде мерекелерімен құттықтап, оларға бағалы сыйлықтар мен тәттілерді сыйға ұсынып, бүлдіршіндерге қуанышты көңіл-күй сыйлады.
Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, концерттік бағдарламаларын көрсетті.
Қостанай облысының соттары өз жалғасын тапқан «Жақсылық жаса – жақыныңа көмектес!» акциясының аясында аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасындағы балаларға көмек көрсетуде.
Қостанай облыстық сотының ұжымы жыл басынан бастап көмек көрсетіп келе жатқан көп балалы Байменовтердің отбасында болып қайтты. Құралай Байменова жастары 14 жасқа дейінгі аралықтағы 7 қыз баланы тәрбиелеп отыр, жұбайы II топтағы мүгедек жан.
Орталық коммуникациялар қызметінің Жамбыл филиалында өкен брифингте облыстық соттың судьялары журналистерді Соттармен өзара іс-қимыл кеңесінің жұмысы туралы ақпараттандырды.
Жамбыл облыстық сотының судьясы Динара Нұрлыбаеваның ақпараты бойынша 2016 жылдың 4 айында Жамбыл облысы соттары медиациялық рәсімдерді қолдана отырып, 286 азаматтық іс (3,0%): 51 қылмыстық іс (11,5%) және 48 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (9,5%) қаралған, 3 азаматтық іс бойынша партисипитивтік келісім бекітілген.
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының бастамасымен Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған облыс соттары қызметкерлерінің балалары қатысқан салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.