Қымбатты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!
Сіздерді Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – қазақстандықтардың барлық буынын біріктіретін, халқымыздың рухын асқақтатын, шын мәніндегі, жалпыхалықтық мерекелер!
Сіздерді Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – қазақстандықтардың барлық буынын біріктіретін, халқымыздың рухын асқақтатын, шын мәніндегі, жалпыхалықтық мерекелер!
Мереке күндері қарсаңында республиканың барлық соттарында соғыс, тыл және сот жүйесі ардагерлерімен салтанатты кездесулер өткізілді.
Астанада Жоғарғы Соттың судьялары Елена Максюта, Ғалымжан Мырзаке мен Нұржан Жолдасбеков соғыс және еңбек ардагері, 1985 жылдан бері Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесі болған Рамазан Есмағамбетовтің үйіне барып құттықтады. Судьялар оның соғыс кезіндегі ерлігі, республиканың сот жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді.
«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының ғимаратында медиация кабинетінің ашылу салтанатына Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының төрағасы А.Қалмұхамбетов, соттар әкімшісі А.Мамбетов, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының өкілі Б.Ақзамов, «Батыс Қазақстан Медиация және келіссөздер процесі орталығы» жеке мекемесінің директоры А.Куртаева, облыстың кәсіби медиаторлары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Рахымбек Мамырбаев Ұлы Отан соғысына қатысқан әкесі Нұрмұхамет Мамырбаевтың III дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталғандығы туралы жақында хабар алды.
Майдангердің өзі 1979 жылы қайтыс болды. Көзі тірісінде соғыс ардагері алты баласына Белград қаласының маңында 17 неміс солдатының көзін жойып, бес адамды тұтқынға алғандығы жөнінде үнемі айтатын. Бекетте тұрып, ержүрек сарбаз өздерін югославтық партизандарға жатқызған 50 адамнан құралған немістердің колоннасын тұтқындаған.
Павлодар облыстық сотында «Азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерді қарау кезінде бітімгершілік рәсімдерді қолдану бойынша соттардың ең үздік көрсеткіштері» атты облыстық байқау-конкурсының жеңімпаздары марапатталды.