Павлодар қалалық соты баланың туу туралы фактісін анықтау туралы өтінішті қанағаттандырды
16/06/2015
Павлодар қалалық сотыңда азаматша И.-дің баланың туу туралы фактіні анықтау туралы өтініші қаралды.
2006 жылы 23 ақпанда азаматша И.-дің нәрестені үйде туғаны анықталған. Қазіргі уақытта бала 8 жаста, сәбидің туу туралы куәлігінің болмауы салдарынан оған медициналық қызмет көрсетуден бас тартылған және жалпы білім беру мекемесінен шығарып тастау қаупі туындаған.