Қызылорда қаласында ардагер судьяға көше аты берілді
Қызылорда қаласындағы көшеге сот саласында 30 жылға жуық қызмет атқарған, «Үш би» құрмет белгісінің иегері Мерғали Ыбраевтың есімі берілді.
Мерғали Ыбраев Қызылорда қалалық, облыстық сотының судьясы, Шиелі аудандық сотының төрағасы, облыстық төрелік соттың төрағасы қызметтерін атқарған.
1996 жылдың желтоқсан айынан 2007 жылдың мамыр айына дейін Қызылорда облыстық сотының судьясы қызметін атқарып, зейнеткерлікке шықты.