Жоғарғы Соттың веб-сайты мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары арасында көш бастады
02/08/2014
Мемлекеттік органдардың Интернет-ресурстарының рейтингісі бойынша ҚР Жоғарғы Сотының веб-сайты 2014 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша (www.facebook.com/AO.Kazcontent) 1 орын алды. Аталған рейтинг «Қазконтент» АҚ-ның 30 мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурстарының контенттік сүйемелдеу мен алға бастыруына жасаған талдауы негізінде шығарылған.