құттықтау

Республиканың судьялар корпусы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен журналистерді құттықтады

28/06/2016

Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов журналистерді жемісті, жан-жақты және сапалы қызметтері үшін алғысын білдірді.

«БАҚ пен қоғам үшін соттар әрқашан ашық, біз әрқашан ынтымақтастық пен байланыс орнатуға қуаныштымыз», - деді ол, журналистерге олардың жауапты қызметіне сәттілік тілеп, естелік сыйлықтар мен гүлдерді сыйға тартты.

Өз кезегінде БАҚ өкілдері сот қауымдастығына көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, оларға еңбектерінде табыс тіледі.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!

19/03/2016

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Наурыз – жыл басы, күн мен түннің теңесетін уақыты. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы тойлап келе жатқан бұл мейрам – жаңару мен жанданудың, табиғат пен адам арасындағы үйлесімнің және тазалықтың символы. Еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап, бүкілхалықтық мейрам ретінде оның мән-маңызы арта түсті. Наурыз мейрамы – тарихымызды тереңінен танып, түбі бір түркі халықтарына ортақ ежелгі бай мәдениетімізді, асыл құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді сабақтастыруға тың серпін берді. 

Құрметті отандастар!

16/12/2015

Сіздерді еліміздің ең басты ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан халқы мемлекеттілікті құру жолындағы өзінің аса маңызды қадамын жасап, тәуелсіздігін жариялады. Осы сәттен бастап Қазақстан және барша қазақстандықтар дамудың дербес жолын бастады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымына

02/10/2015

Түлектер қауымдастығының және жеке өз атымнан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығын, барлық профессорлар мен оқытушылар құрамын әлемдегі ең озық 300 университеттің қатарына қосылуымен құттықтаймын!

Университет рейтингісінің тек соңғы жылы 30 позицияға жақсаруы үйлесімді, мақсатқа бағытталған және кәсіби жұмыстың тікелей нәтижесі болып табылады. Бұл – универститет ұжымының мүмкіндіктері мен орасан әлеуетінің айқын айғағы.

ШҚО сотының судьялары сот жүйесінің ардагерін құттықтады

17/08/2015

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров, Судьялар одағы облыстық филиалының төрағасы Е.Жұмақсанов және облыстық соттың судьясы М.Тоқышева тыл және сот жүйесінің ардагері, доғарыстағы судья Ираида Лебедеваны 89  жасқа толуымен  құттықтады.

Ираида Лебедева 1926 жылдың 14 тамызында Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік заң институтын «Құқықтану»  мамандығы бойынша бітірген.

Құрметті қазақстандықтар!

04/07/2015

Сіздерді Елорда күнімен құттықтаймын!

Астана – бұл біздің тәуелсіздігіміздің ең басты жетістіктерінің бірі. Бас қаламыз – еліміздің барлық экономикалық, саяси және әлеуметтік табыстарының жарқын көрсеткіші, қазіргі Қазақстан  халқының әлеуеті мен мүмкіндігінің айқын дәлелі.

Қымбатты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Құрметті әріптестер!

07/05/2015

Осы күндері елімізде екі айтулы мереке – 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы аталып өтілуде. Бұл мерекелердің арасын бар болғаны бір күн бөліп тұруының терең мәні бар.  

Ардақты аналар, аяулы арулар!

06/03/2015

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Мемлекет басшысы гендерлік саясатқа әрдайым айрықша мән беріп келеді. Елбасы қоғамдық өмірде белсенділігімен танылып жүрген ханымдармен тұрақты түрде кездесу өткізіп, олардың ел дамуына қосқан ерекше үлесін үнемі атап өтеді. Таяуда ғана оның бастамасымен Аналар күні және отбасы құндылықтарын, нәзік жандылардың қоғамдағы ерекше мәртебесін насихаттауға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы бекітілді.

Беттер