құттықтау

Қайрат Мәми 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өткізді

05/03/2015

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өткізді.

Іс-шараға  Жоғарғы Сот судьялары, ҚР Судьялар Одағы Орталық Кеңесінің мүшелері, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері, сондай-ақ отставкадағы судьялар мен сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Құрметті отандастар!

01/01/2015

Сіздерді алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін бірлік пен береке, тұрақтылық пен татулық және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған жаңа заңнамалар қабылданған жемісті жыл болды.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақ­стан-2050» Стратегиясында әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру мақсатын алға қойып, мемлекетімізді қарқынды даму жолына бастайтын межелі міндеттерді айқындап берді.

Отбасы күні қарсанында Жоғарғы Сот қызметкерлері қарттар үйіне барды

15/09/2014

2014 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және  әкімшілік қадағалаушы алқасының төрағасы Е.Н. Әбдіқадыровтың, ҚР Жоғарғы Сот судьясы Ұ.А. Сүлейменованың және ҚР Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С. Испановтың бастауымен Жоғарғы Сот өкілдері «Астана қаласы әкімшілігінің қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік-медициналық мекемесіне» барды. Аталған іс-шара Отбасы күнін атап өтуге бағытталған. Бұл күн Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен қыркүйектің екінші жексенбісіне белгіленді.

Жоғарғы Сот Төрағасы Конституция күніне орай Алматы қаласында өткен салтанатты жиынға қатысты

29/08/2014

Бүгін Алматы қалалық сотында Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиынға қатысты.

Іс-шараға Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай мен Қазақстан Республикасы Әскери Сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев та қатысты. 

Салтанатты жиынды аша отырып Қ.Мәми шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесімен құттықтады.

Құрметті отандастар!

29/08/2014

Сіздерді ел өміріндегі маңызы зор мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Еліміздің Ата Заңы – мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың іргелі қағидаттарын реттейтін аса маңызды құжат. Адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары Қазақстанның ең негізгі конституциялық құндылығы ретінде бекітілді. Бұл – Қазақстанның экономикалық және саяси тұрғыдан қарқынды дамуының ең басты факторларының бірі, қазақстандықтардың тең құқық пен мүмкіндіктерге ие болуының кепілі.

Беттер