ҚР Жоғарғы Соты

Жаңа Азаматтық процестік кодекс еліміздің құқықтық кеңістігін жақсартты

01/11/2016

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа Азаматтық процестік кодекстің Ұлт Жоспарын іске асырудағы рөліне арналған брифинг болып өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Сот судьясы Ұлбосын Сүлейменова, Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Әбдірайым, Бас прокуратура 4-ші Департаменті Ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы Қайрат Раисов қатысты.

Қазақстан судьялары «Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы коммерциялық медиация» тақырыбында халықаралық форумға қатысты

18/10/2016

2016 жылғы 11-12 қазанда Минск қаласында (Беларусь Республикасы)  «Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы коммерциялық медиация» тақырыбында халықаралық форум өтті. Іс-шараға он бір мемлекеттің делегаттары қатысты.  Олардың ішінде: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Рессей, Украина, Тәжікстан және Монғолия. Одан басқа форумның жұмысына Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері және шетелдік сарапшылар Марш Билл (модератор) – Лондон халыхаралық медиаторы және Сербиядағы Ұлттық медиация қауымдастығының президенті Недик Блазо.

Қазақстан делегациясы Душанбеде өткен халықаралық арбитраж туралы семинарға қатысты

12/10/2016

Ағымдағы жылғы 6-7 қазанда Душенбе қаласында халықаралық арбитраж туралы семинар өтті. Іс-шара Тәжікстан Республикасы Әділет министрлігінің және Еуропалық Одағының қолдауымен Еуропалық Одақтың Орталық Азияға арналған заң үстемдігі бастамасы аясында ұйымдастырылған.

«Сот кабинетінің» жаңа мүмкіндіктері

06/10/2016

Жоғарғы Сот онлайн сервистердің пайдаланылуына сот процесіне қатысушылар мен азаматтардың пікірін ескеріп, тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

«Сот кабинеті» негізгі онлайн сервистердің бірі болып табылады. «Сот кабинеті» іске қосылған сәттен бастап пайдаланушылар оның ыңғайлылығы мен тиімділігін бағалады.

Мәселен, 2016 жылдың 9 айында «Сот кабинеті» арқылы 512 658 электрондық құжат, оның ішінде 441 175 талап арыз берілді. Бұл  барлық түскен талап арыздардың 78,5 % құрайды.

Жоғарғы Сот судьялары Астана қаласының қарттар мен мүгедектер үйіне барды

30/09/2016

«Қазақстан Республикасының судьялар одағы» қоғамдық бірлестігінің ҚР Жоғарғы Сотындағы филиалының төрағасы Ғ.Мырзаке және филиалдың мүшелері Е. Максюта, Б. Тоқтарова және Н. Жолдасбеков Астана қаласының қарттар мен мүгедектер үйіне барды. Сапар Қарттар күніне орай ұйымдастырылды.

Қазақстан Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясына кіруге ниет білдірді

16/03/2016

Бүгін Жалпы істер жөніндегі кеңес отырысы мен Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының саясаты барысында Нидерланд корольдігінің Сыртқы істер министрлігі өкілдеріне Қазақстан Республикасының Гаага конференциясына кіру ниеті туралы хатты берудің ресми рәсімдері өтті.

Құжатты Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі М.Мұрзамадиева табыстады.

Ақмола облысында экономикалық қауіпсіздік мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтуде

01/10/2015

Бүгін Ақмола облысының Щучинск қаласының Бурабай аудандық сотының ғимаратында мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі және экономика саласындағы қылмыстар мәселелерін талқылауға арналған халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

Іс-шараны Жоғарғы Cот Қазақстанның Судьялар одағымен, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қорымен (IRZ), Америкалық заңгерлер қауымдастығының өкілдігімен (ABROLI) және Америка Құрама Штаттарының халықаралық даму жөніндегі агенттігімен (USAID) бірлесіп ұйымдастырды.

Қ.Мәми Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне алғыс білдірді

09/09/2015

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Сыдықов Ерлан Батташұлына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының атынан алғыс хат тапсырды.

Қайрат Мәми БАӘ Федеральдік Жоғарғы Сотының Төрағасы Абдул Уахаб Абдулмен кездесті

27/08/2015

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми елімізге ресми сапармен келген БАӘ Федеральдік Жоғарғы Сотының Төрағасы Абдул Уахаб Абдулмен кездесті.

Кездесу Қ. Мәмидің биыл наурыз айында Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары кезінде айтылған шақыруына орай ұйымдастырылды.

Жоғарғы Сотта Латвия Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік хатшысымен кездесу болып өтті

26/08/2015

Бүгін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында Латвия Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік хатшысы Райвис Кронберг бастаған Латвия Республикасының делегациясымен кездесу болып өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов пен Департамент құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері қатысты. Латвия тарапынан Латвия Соты әкімшілігінің директоры Эдвинс Балшевич, Мемлекеттік хатшының кеңесшісі Иво Зутис және Еуропалық мәселелер департаментінің директоры Анна Скрябина болды.

Беттер