ҚР Жоғарғы Соты

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәми Бүкіләлемдік Банктің жобасы басшысы Амит Мукерджимен кездесті

18/05/2015

Бүгін  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің Бүкіләлемдік Банктің жобасы басшысы Амит Мукерджимен кездесуі болып өтті.

Кездесуде Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасының ағымдағы орындалу барысы талқыланды.

Жобаның мақсаты мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін негізгі құқықтық механизмді жақсарту, сондай-ақ Қазақстандағы сот төрелігі қызметінің тиімділігін, ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Жоғарғы соттың қадағалаушы сот алқаларында жергілікті соттардың судьялары тағылымдамадан өтуде

07/04/2015

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот жүйесіндегі өзге де білім беру ұйымдарымен (Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институты, Судьялар Одағы, облыстық және оған теңестірілген соттардың оқу орталықтары) бірлесіп, республика судьяларының кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

Жергілікті соттар судьяларының жоғары сатыдағы соттарда тағылымдамадан өтуі сот жүйесіндегі үздіксіз білім беру тәсілдерінің бірі болып табылады.  

Жоғарғы Сотта Әкімшілік процестік кодексінің таныстырылымы болды

26/02/2015

Бүгін Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасының Әкімшілік процестік кодексі жобасының (бұдан әрі – ӘПК) онлайн-таныстырылымы болып өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Е.Н. Әбдіқадыров, Жоғарғы Соттың судьялары, облыстық және оған теңестірілген сотттардың төрағалары, бірқатар мамандандырылған әкімшілік соттардың төрағалары мен БАҚ өкілдері қатысты.

2015 жылғы 13 ақпанда Жоғарғы Сот ҚР Азаматтық процестік кодексінің жаңа редакциясын талдау жөнінде дөңгелек үстел өткізеді

11/02/2015

2015 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Алматы қалалық сотының оқу орталығының шеңберінде Азаматтық процестік кодексінің жаңа редакциясын талдау жөнінде дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әбдіров, Жұматай Әлиев, Зағипа Балиева, Андрей Бегенеев, Гүлмира Исімбаева, Серік Оспанов, Айгүл Соловьева, Арман Қожахметов, Нұрлан Жазылбеков қатысады.

Жоғарғы Сот жаңа Әкімшілік іс жүргізу кодексінің Тұжырымдамасын әзірледі

20/10/2014

Мемлекет басшысының 2013 жылы қарашада республика судьяларының VI съезінде берген тапсырмаларын орындау үшін Жоғарғы Сот Әкімшілік іс жүргізу кодексін әзірлеуге кірісті.

Бүгінгі күні осы нормативтік құқықтық актінің тұжырымдамасы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді.

ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов пен ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің дипломатиялық корпусқа арналған бірлескен брифингі өтті

20/10/2014

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің Қазақстанда аккредитациядан өткен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен дипломатиялық корпусқа арналған брифингі өтті.

Брифингте Қазақстандағы құқық үстемдігінің қолданыстағы моделі мен сот жүйесі қызметінің негізгі мәселелері сөз болды.

Іс-шараға ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Ұлбосын Сүлейменова қатысты.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы соттары төрағаларының IX отырысына қатысушылармен екіжақты кездесулер өткізді

03/09/2014

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми жұмысын ертең бастайтын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы соттары төрағаларының IX отырысы қарсаңында өз әріптестерімен – ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер жоғарғы соттары төрағаларымен, сондай-ақ шараға қатысатын құрметті меймандармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Жоғарғы Сот судьяларының қатысуымен брифинг өтті

21/08/2014

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов пен Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы Жаңылсын Архарованың қатысуымен брифинг өтті.

Спикерлер қылмыстық және азаматтық заңнама мен сот өндірісінің жаңа моделіне көшудің негізгі мәселелерін түсіндірді.

Жоғарғы Сотта ақпараттық-коммуникациялық сервистерді кеңінен қолдану мәселелері талқыланды

18/08/2014

Ағымдағы жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С.Испановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті.

Іс-шараға Департамент басшылығы, ҚР Жоғарғы Соты аппаратының бөлім меңгерушілері мен жауапты қызметкерлері, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы жергілікті соттар кеңселерінің басшылық құрамы қатысты.

2014 жылғы 22 мамырда сағ.10.00-де Жоғарғы Сотта «Сот кеңселерінде іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында бейнеконференцбайланыс арқылы семинар өтеді

20/05/2014

Семинардың мақсаты – жергілікті соттарда сот ісі мен  іс қағаздарын мемлекеттік тілге жүргізудің жай-күйін, олардың сапасын арттыру, жалпы құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлесін көтеру мәселелерін талқылау.

Іс-шараға қатысу үшін БАҚ өкілдері шақырылады. Аккредитацияны Жоғарғы Соттың Баспасөз қызметі  ү.ж. 21 мамырдағы сағ. 17.00-ге дейін жүргізеді.

Беттер