ҚР Әскери сот

Әскери сот әскери қызметшіден тұрғын үйді жалға алғаны үшін заңсыз төленген өтемақыны өндіріп алды

08/06/2016

ҰҚК Шекара қызметі әскеи бөлімдерінің бірі тұрғын үйді жалға алғаны үшін заңсыз төленген 1 127 000 теңге өтемақыны С.-тен өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот әскери бөлімнің тұрғын үй комиссиясының 2014 жылғы 24 мамырдағы хаттамасымен жауапкер – әскери қызметші С. мен оның отбасы мүшелерінің тұрғын үйге мұқтаж ретінде танылып, тұрғын үйді жалға алғаны үшін жалпы 1 127 000 теңге ақшалай төлемақы төленгенін анықтады.

Әскери соттың судьялары балалар мекемесінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсетті

31/05/2016

Әскери сотының судьялары Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында «Жақсылық жаса» атты акциясы өтті. Аталған акция шеңберінде Әскери соттың судьялары мен әкімшінің басшысы Астана қаласының Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне барды.  

Іс-шара барысында судьялар Қыдырхан Сиқымбаев пен Дамир Ахтямов тәрбиеленушілерді балалар мерекесімен құттықтап, Әскери соттың атынан кір жуғыш машинасын, спутникалық қосымшасы бар теледидар және басқа да қажетті тұрмыстық жабдықтарды табыстады.

Қарағанды гарнизонының әскери соты Қорғаныс министрлігінен 2 миллион теңге шамасында әскери қызметші пайдасына өндірді

19/05/2016

Қарағанды гарнизонының әскери сотында Т.-ның Қорғаныс министрлігі және 3... әскери бөліміне қатысты әскери қызмет атқару барысында денсаулығына келтірілген зиянның салдарынан жоғалтқан еңбекақысының айырмасын өндіру туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талдықорған гарнизонының әскери соты әскери қызметшіден жәбірленуші есебіне 250 мың теңге шығын өндірді

18/05/2016

Талдықорған гарнизонының әскери соты талапкер М.А.Асканбаевтың бір әскери бөлімнің келісімшарт бойынша қатардағы жауынгері М.Е.Акшабаевтан 500 000 теңге сомада моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Қазақстан Республикасы Әскери соты баспасөз мәжілісін өткізді

18/04/2016

Қазақстан Республикасы Әскери соты БАҚ өкілдеріне 2016 жылдың 1 тоқсанында Әскери соттың атқарған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісін өткізді. Іс-шара шеңберінде қоғамда қызушылық тудырып отырған кейбір қылмыстық істер туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ақпарат берді.

Судьялардың жаңа Әдеп кодексінің жобасы талқыланды

12/04/2016

Бүгін Әскери сот бейнебайланыс Судьялардың жаңа әдеп кодексінің жобасын талқылауға арналған жиналыс бейнеконференц байланысы арқылы өтті.

Іс-шараға Әскери соттың  төрағасы С.Абдуллаев, алқа төрағалары мен судьялары, Ақмола гарнизоны әскери сотының және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағалары мен судьялары және Әскери соттар әкімшісінің басшысы қатысты, ал қалған гарнизондардағы әскери соттардың төрағалары мен судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.

Талдықорған гарнизонының әскери соты заңсыз босатылған әскери қызметкерді қызметіне қайта орналастырды

06/04/2016

Талдықорған гарнизонының әскери соты еңбек шартын бұзғаны жөнінде бұйрықты заңсыз деп тану және қызметтік орнына қайта орналастыру туралы азаматтық істі қарады.

Талдықорған гарнизоны әскери сотының судьясы сот орындаушысының электронды қаулысын санкциялады

05/04/2016

Сот органдарының «Төрелік» ақпараттық жүйесі мен атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде борышкердің Қазақстан Республикасының аумағынан уақытша шығуына шектеу қою туралы сот орындаушысының электронды түрде рәсімдеген қаулысын Талдықорған гарнизоны әскери сотының судьясы Ержан Абдуллин санкциялады.

Беттер