ҚР Әскери сот

Әскери соттың төрағасы бейнебайланыс арқылы азаматтарды қабылдауды өткізді

09/02/2017

ҚР Әскери сотының төрағасы С.Ж. Абдуллаев онлайн-форматта Талдықорған гарнизоны әскери қызметшілерінің қабылдауын өткізді.

Осы күні барлық ниет білдірген әскери қызметшілер және де басқа тұлғалар Талдықорған гарнизонының әскери сотына  келіп, өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.

Қойылған сұрақтардың тақырыптары алуан түрлі болды. Әскери қызметшілерді сот жүйесіндегі жаңашылдықтар, заңнамадағы өзгерістер, сонымен қатар, әскери соттардың алдында тұрған міндеттер қызықтырды.

ҚР Әскери сотының төрағасы С.Абдуллаев: «Судьялар Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындауда»

01/02/2017

Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев Әскери соттың 2016 жылы атқарған жұмыс қорытындысы бойынша және қоғамдық пікір туғызған қылмыстық істер туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізді.

Әскери сотта 2016 жылдың жұмысы қорытындыланды

31/01/2017

Әскери сотта бейнеконференцбайланысы арқылы әскери соттармен сот төрелігін жүсеге асырудың 2016 жылғы қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңес жұмысына ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жазбек Абдиев, әскери соттардың судьялары.

Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі В.Рычков: «Судьялыққа кандидаттардың талаптарын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, сотпен қорғалу құқығын сапалы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді»

11/01/2017

Әскери сотта облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрғалары мен судьяларының бос орындарына орналасу үшін жарияланған конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттарды талқылау бойынша жалпы отырыс өтті.

Жалпы отырыс жұмысына Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі Владимир Рычков қатысты.

Жалпы отырыста сөз сөйлеген сот төрағасы Сакен Абдуллаев, бос судья лауазымдарына үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері – білімнің жоғары деңгейі, моральдық-адамгершілік қасиеттері және мінсіз беделі екенін атап өтті.

Әскери сот төрағасы жас судьяларды қабылдады

22/12/2016

Әскери сот төрағасы Сәкен Абдуллаев сот ұжымындағы моральдық - психологиялық жағдайын зерделеу мақсатында, бейнеконференцбайланысы арқылы жас судьялардын қабылдауын өткізді.  

Сот төрағасы гарнизондардағы әскери соттардың 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар судьяларымен әңгімелесу өткізді.

Балықтардың бекiре тұқымдас түрлерiн заңсыз аулағаны үшін төрт азамат түрлі мерзімдерге сотталды

29/07/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған әскери соты Атырау қаласының үш тұрғыны Э.Шанбаев, А.Төлеуов, Р.Тілепеев және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметкері Т.Қиматовқа қатысты қылмыстық істі қарады. Олар қылмыстық топ болып балықтың бекіре тұқымдас түрлерін заңсыз аулағаны, заңсыз түрде өнімдерді алу және сату және көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін айыпталды.

Әскери соттың төрағасы журналистерге арнап брифинг өткізді

28/07/2016

Қазақстан Республикасының Әскери сотының төрағасы С.Ж.Абдуллаев Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерге арнап брифинг өткізді.

Журналистердің сұрақтарына судья В.Рычков пен Әскери соттар әкімшісінің басшысы Н.Байтілесов де жауап берді.

Брифинг барысында судьялар БАҚ өкілдерін Жоғарғы Сотқа тиесілі Ұлт Жоспарының 11 қадамының іске асырылуы және 6 айда әскери соттардың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы туралы айтты.

Өскемен гарнизоны әскери соты «дөңгелек үстел» өткізді

19/07/2016

Өскемен гарнизоны әскери сотының судьясы Азат Даменов Өскемен гарнизонының заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі Қарулы Күштері, сот және құқық қорғау органдарының өзара әрекет ету мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық Ұлан және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі бойынша құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері қатысты.

Әскери сотта судьялардың жаңа Әдеп кодексі жобасының жаңашылдықтары талқыланды

13/07/2016

Әскери соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Әуезнұр Қаженов барлық әскери соттар төрағаларының қатысуымен судьялардың жаңа Әдеп кодексі жобасынының жаңашылдықтарын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» өткізді.

Әскери сотта 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмысы қорытындыланды

11/07/2016

Әскери сотта 2016 жылдың бірінші жартыдылдығында әскери соттар сот төрелігін қорытындылау бойынша кеңейтілген кеңес болып өтті.

Кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулин, Әскери соттың төрағасы С.Абдуллаев, әскери сот судьялары, Соттар әкімшісінің басшысы қатысты.

Кеңейтілген кеңес шеңберінде Әскери соттың алқа төрағалары Әуезнұр Қаженов пен Жандос Мұсабекұлының баяндамалары тыңдалды. 

Беттер