Атырауда Билер кеңесі мен «Nur Otan» партиясының филиалы ынтымақтастық туралы Меморандум жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Билер кеңесінің төрағасы Ғаббас Хисметуллин және «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев қоғамдағы дауласушылық деңгейін төмендету мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Ғ.Хисметуллин өз сөзінде Қазақ билерінің дау шешудегі көне тәжірибесін жаңғырту және билермен сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін өткізу процесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айта келе, партия филиалына тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға және дау-дамайларды сотқа жеткізбей шешудің жолдарын бірге насихаттауға ұсыныс білдірді.

Ұсынысты толық қолдаған Н.Ожаев, азаматтық қоғам институттары арасындағы, саяси партияларды қоса алғанда тең және сындарлы диалог мемлекетті дамыту үшін ынтымақтастықтың қажетті нысаны екенін атап өтті.

Кездесу барысында Ғ.Хисметуллин және Н.Ожаев ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар жанжалдарды реттеуде, соның ішінде билер кеңесі институын және жанжалдардың (даулар) басқа да баламалы әдістерін дамыту арқылы реттеуде өзара ынтымақтастық құруға уағдаласты. Меморандум аясында жақын келешекте партияның Билер кеңесімен бірлескен қоғамдық қабылдауларын өткізу жоспарланып отыр.

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі