Үш миллиард теңгеге жуық қарызды өндіріп алу туралы дау бітімгершілік келісіммен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бір ЖШС қарыз шарты бойынша 2 805 387 764 теңге берешекті басқа серіктестіктен өндіру туралы талап қойып, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Сотта анықталғандай, тараптар арасында шарт жасалған, алайда жауапкер өз міндеттемелерін орындамаған.

Сот тараптарға олардың татуласу құқығын, сондай-ақ дауды медиация тәртібімен реттеу туралы татуласу келісімін жасасудың артықшылықтарын, салдары мен тәртібін түсіндірді. Нәтижесінде тараптар сотқа дауды медиативтік келісім жасау арқылы реттеу туралы бірлескен өтінішхат ұсынды.

Келісім бойынша жауапкер қарызды 2020 жылдың соңына дейін төлеуге, ал талап қоюшы талаптан бас тартуға міндеттенді. Осылайша, тараптар мерзімі ұзақ сот талқылауынан құтылды. Талап қоюшыға төлеген мемлекеттік баж қайтарылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі