Тараптар жанжалды шешудің тиімді тәсілін таңдауда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының соттары өткен 8 айдың ішінде тараптарды татуластырып, 941 азаматтық істі жүргізуді аяқтады. Өзара келісіп, ымыраға келу дауласушы адамдарға тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Келіссөздерді жүргізудің нәтижесінде соттарда 113 бітімгерлік, 819 медиативтік келісім жасалды. Сонымен қатар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы 9 келісім жасауға қол жетті.

Мәселен, Бәйтерек ауданының № 2 сотында бітімгершілік келісім бекітіліп, бір миллион теңгеден астам қарыз сомасына дауласқан тараптар арасындағы азаматтық дау тоқтатылды. Келісім бойынша жауапкер талап қоюшыға бүкіл қарызды ағымдағы жылдың тамыз айына дейін төлеуге, ал талап қоюшы қойған талаптарынан бас тартуға міндеттенді.

Азаматтық істердің көпшілігі Орал қаласының № 2 сотында қаралуда. Осы соттың татуластырушы судьясына алименттерді өндіру, залалды өтеу, шарттық міндеттемелер мен еңбек даулары туралы жыл басынан бері 5923 арыз түсті. Жанжалдарға қатысушылармен келіссөздер жүргізудің және татуластырудың артықшылықтарын түсіндірудің нәтижесінде тараптарды дауды шешудің тиімді тәсілін таңдауға көндірудің сәті түсті. Осының нәтижесінде судьялар 43 бітімгерлік, 514 медиациялық және                             8 партисипативтік келісімдерді бекітті.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі