Ақтөбеде «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбеде «Отбасылық сот қазіргі заманғы сот төрелігі жүйесінде» тақырыбы бойынша  «дөңгелек үстел» болып өтті. Оның жұмысына судьялар, қала әкімдігінің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, ұйымдар мен мекемелердің өкілдері қатысты.

Ақтөбе қаласы № 3 сотының төрағасы Назира Аманқұлова сөз сөйлей келе, некені бұзу туралы азаматтық істердің көбейіп бара жатқанына қынжылыс білдірді және отбасы институтын, оның ішінде заңнамалық деңгейде де нығайту қажеттігіне назар аударды.

Қаланың әкімі Ильяс Испанов кәмелетке толмағандардың қатысуымен әкімшілік және қылмыстық істердің санын азайту мақсатында профилактиканы күшейту және мектеп медиациясын дамыту, отбасыларға оларды сақтау және отбасылық өмір құндылықтарын насихаттау жөнінде іс-шаралар өткізу мақсатымен бастапқы тегін  психологиялық көмек көрсету қажеттігі туралы әңгімелеп берді.

«Анаға тағзым» Рухани-адамгершілік даму орталығының жетекшісі Қалауша Садықова  балаларды тәрбиелеудің рөлі туралы тілге тиек ете келіп, оларды халқымыздың дәстүрі мен әдет-ғұрыптары негізінде рухани-адамгершілік тұрғысынан дамыту бағытында  құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы тоқталып өтті.

Кеш шеңберінде оған қатысушылар мемлекеттік отбасылық саясатты дамытуға және отбасы институтын нығайтуға бағытталған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа қала әкімі Ильяс Испанов, Ақтөбе қалалық сотының және  №3 сотының төрағалары Қанат Сембеков пен Назира Аманқұлова, ІІД бастығының орынбасары Абзал Шотанов, жастар саясаты, білім беру, денсаулық сақтау басқармаларының жетекшілері Нұрлан Кунтуов, Лаззат Оразбаева мен Әсет Қалиев қол қойды. Сондай-ақ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті  департаментің басшысы Саламат Аманбаев,  Әйелдер істері және отбасылық-көші-қон саясаты жөніндегі комиссияның хатшысы Ақмарал Хон, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Гульфат Рахыметалина, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Дариға Исмағамбетова, қалалық мәслихаттың хатшысы Сулупан Шинтасова өз қолдарын қойды. Іскер әйелдер қауымдастығы филиалының және рухани-адамгершілік орталығының,  адвокаттар алқасының, жеке сот орындаушылары палатасының, заң консультанттары мен медиаторлардың жетекшілері Раиса Изимбетова, Қалауша Садықова, Раиса Якубенко, Манап Ниязбаев, Анес Тасыбаев пен Сафура Түлкібаева да құжатқа қолдарын қойды.

«Отбасылық сот» жобасын қолдай отырып, тараптар бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру үшін белгілеп қойды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызмет
Теги: