Атырауда Төле, Қазыбек және Әйтеке билерге ескерткіш ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотының ғимараты алдында қазақ халқының атақты үш биіне – Төле, Қазыбек және Әйтеке билердің ескерткіштерінің ашылу салтанаты болды.

Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асыру шеңберінде және облыстық соттың 80 жылдығын мерекелеу құрметіне өткізілді.

Салтанатты шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, өкілдері, зиялы қауым, сот жүйесінің ардагерлері, өңір судьялары қатысты.

Облыстық сот төрағасы құттықтау сөзінде қазақ мемлекеттілігінің және сот төрелігінің қалыптасуындағы атақты билердің рөлін атап өтті.

Атыраулықтарды Қазақстан Кәсіпкерлер федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым, облыс әкімінің бірінші орынбасары Серіп Шапкенов, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Әлия Дәулетбаева құттықтады. Сонымен бірге Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаровтың құттықтауы оқылды. Қонақтар ескерткішті даналықтың, халық бірлігінің және әділдіктің бейнесі, қаланың көрікті жерлерінің бірі деп атап өтті.

Биіктігі 3,60 метр болатын монумент гранит пен қоладан дайындалған. Авторы – танымал мүсінші Бақытбек Мұхамеджанов. 

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі