Сс, 10/10/2017 - 10:47
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Прокуратура органдары жүргізген мониторинг барысында танымал «YouTube» бейнехостингі форумында есірткі өнімдерін пайдалану, дайындау және қолдану тәсілдерін насихаттаған түрлі атаудағы 13 бейнеролик анықталды.
Сот аталған интернет-ресурстарда есірткі құралдарын пайдалану, өсіру, дайындау және қолдану тәсілдері туралы ақпарат еркін таратылып, соның салдарынан есірткі пайдалану тәуелдігіне әкеліп соғатындығын анықтады.
Қаратал аудандық сотының шешімімен прокуратураның талап арызы қанағаттандырылды. Интернет-ресурстарда жарияланған бейнероликтер заңсыз деп танылып, олардың Қазақстан Республикасының аумағында таратылуы тоқтатылды.
Источник:
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі