ЖШС директорын 6 жылға соттады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жезқазған қалалық сотының 14  тамыз 2017 жылғы үкімімен Расул Бахрамович Юлдашев  Р ҚК-нің 176-бабының 3-бөлігінің  «б»-тармағында көзделген қылмысты жасағандығы үшін кінәлі деп танылып, оған қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүліктері тәркіленіп, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғаларда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан  2 (екі) жылға айыра отырып, 6 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Еске сала кетсек, Р.Б.Юлдашев Р.Р.Актаевпен бірлесіп «Передвижная механизированная колонна-98» ЖШС құрған болатын. Жарғылық капиталы олардың 50% теңдей үлес салымдарынан құралған.

Р.Б.Юлдашев ЖШС директоры бола тұра 2010 жылдың бас кезінде өзінің қызмет дәрежесін пайдаланып, пайдакүнемдік ниетпен заңсыз материалдық байып кетуді көздеп, 2010 жылы өзінің қызмет атқарған кезеңдегі түскен ірі мөлшердегі ақша қаражатын иеленіп, оларды ысырап еткен.

Р.Б.Юлдашев өзінің көздеген мақсатына жету үшін өзінің заңсыз әрекеттерінің зардаптарын болжап, олардың болғанын қалап, Серіктестік Жарлығының ережесін бұза отырып, жымқырып, кейін түскен кірісті ысырап еткен. Өз әрекеттерін заңды деп көрсетіп, 2010 жыл бойы коммерциялық кәсіпорындармен қызмет көрсету үшін келісім-шарттар жасап, іс-жүзінде ешқандай қызмет көрсетпеген. Кіріс және шығын ақша қаражаттарының айырмашылығы 25 341 441,17 теңгені құрады.

Р.Б.Юлдашевқа жазасын қылмыстық-атқару мекемесінің орта қауіпсіздік жүйесінде өтеу тағайындалды.

Сонымен қатар, Р.Б.Юлдашев «Передвижная механизированная колонна-98» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына  25341441 (жиырма бес миллион үш жүз қырық бір мың төрт жүз қырық бір ) теңге қылмыспен келтірілген мүліктік шығынды төлейді. Сондай-ақ, Р.Б.Юлдашевтан Серіктестіктің екінші құрылтайшысының пайдасына 1000000 (бір миллион ) теңге  қылмыспен келтірілген моралдық залал өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі