Бс, 02/03/2017 - 09:26
Атырау қалалық сотына талап қоюшы С. жоғарғы оқу орнына талап қойып, оқудан шығару кезінде бұзылған құқықтары туралы жүгінді.
С.-ның талап арызында көрсетілгендей, ол 2014 жылдан бастап «Мұнай-газ ісі» факультетінің сырттай бөлімінде оқыған. 2016 жылдың ақпан айында С. қаржылық қиындықтарына байланысты оқудан шығару туралы өтінішпен жүгінген. Арызды факультет деканы қабылдап, оған оқудың 68 000 теңге берешегін төлеу қажеттігін ескерткен. Деканатқа қайтадан жүгінген кезде оған алғашқы жазған арызы жоғалғанын, ол бұрынғыша институттың оқу тізімінде тұрғанын және ол барлық оқу ақысын төлесе де, оның 168 000 теңге оқу берешек соммасы барлығын хабарлаған. С. жауапкерді 24 ақпан 2016 жылғы өтініші негізінде оқудан шығару туралы бұйрықты шығаруды міндеттеуді,100 000 теңге моральдық шығын өндіруді сұраған.
Сот С.-ның талап арызын ішінара қанағаттандырып, жауапкерді 24 ақпан 2016 жылғы өтініш негізінде оқудан шығару туралы бұйрықты шығаруды міндеттеді. Талап арыздың 100 000 теңге моральдық шығын өндіру туралы талабын қанағаттандырудан бас тартылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас мәліметтер
- Атырауда академик Салық Зимановтың 100 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
- Судьялар банкроттық бойынша азаматтық істерді қарау мәселелерін талқылауда
- Атырауда және Қызылордада материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларын қолдану және еңбек заңнамасына енгізілген түзетулер талқыланды