Ұлыбритания

Жоғарғы Сот Төрағасы Ұлыбританияның Әділет министрлігінің тұрақты хатшысы Р.Хитонмен кездесті

24/04/2018

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов Ұлыбританияның Әділет министрлігінің тұрақты хатшысы Р.Хитон мырзамен кездесті.

Кездесуге Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Майк Гиффорд, Қазақстан жоғары сот органының судьясы Мадияр Балкен және Жоғарғы Сот Аппараты басшысының орынбасары Ербол Өмірәлиев қатысты.

Кездесу барысында меймандар сот төрелігіне сенімді арттыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесін жаңғырту бойынша атқарылып жатқан жұмыстың барысы туралы хабардар болды.

Қазақстанның құқықтық мәселелер жөніндегі делегациясының Ұлыбританияға сапары басталды

22/06/2017

Ағымдағы жылғы 21-24 маусым аралығында Қазақстанның құқықтық мәселелер жөніндегі делегациясының Ұлыбританиядағы сапары өтуде.  

Қазақстандық топты Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов бастап барды. Делегация құрамына Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми, Бас Прокурор Жақып Асанов, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сондай-ақ КазБар қауымдастығының басқарушы кеңесі мен адвокаттар қауымдастығының бірінші басшылары мен өкілдері кірді.