Қазақстанның құқықтық мәселелер жөніндегі делегациясының Ұлыбританияға сапары басталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылғы 21-24 маусым аралығында Қазақстанның құқықтық мәселелер жөніндегі делегациясының Ұлыбританиядағы сапары өтуде.  

Қазақстандық топты Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов бастап барды. Делегация құрамына Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми, Бас Прокурор Жақып Асанов, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сондай-ақ КазБар қауымдастығының басқарушы кеңесі мен адвокаттар қауымдастығының бірінші басшылары мен өкілдері кірді. 

Сапардың мақсаты – қылмыстық қудалауды, сотқа дейінгі іс жүргізуге сот бақылауын және қылмыстық істер бойынша білікті заң көмегін ұйымдастыру мәселелерін зерделеу. Сапар сот ісін жүргізуді жеңілдету және жеделдету, сотқа дейінгі іс жүргізу органдарының құзыреттерін дәл жіктеу, сот бақылауын кеңейту және қылмыстық процестегі жарыспалылықты арттыруды жоспарлап отырған отандық қылмыстық процесті одан әрі жаңғыртумен байланысты болып отыр. 

Сапар шеңберінде делегация мүшелері «Болашақ» бағдарламасының сот жүйесі атынан стипендиаттарымен кездесіп, олардың оқу барысымен танысты. Еске сала кетейік, 2017 жылдан бастап, республикамыздың 13 судьясы мен сот жүйесінің қызметкері Ұлыбританияда ғылыми-тәжірибелік тағылымдамадан өтуде. Тар шеңберде мамандандырылған оқу бағдарламасы Ұлыбританияның екі университетінің әріптестігімен («Law Society») Ағылшын және Уэльс Заңгерлер қоғамының жәрдемдесуімен ұйымдастырылған. Бағдарлама заң терминологиялар бойынша курстардан, Ұлыбританияның сот жүйесі мен адвокаттар палаталарында практикалық бөліктерден, академиялық курстардан тұрады. Бұдан басқа, практикалық бөлігі заңды семинарлардан, сот процестері мен заңды іс-шаралар көрсетілімдерімен толықтырылады.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі