рухани жаңғырту

Шымкентте, Ақтауда және Қостанайда билер сотының мұрасы талқыланды

14/12/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты «Қазақ даласының билер соты – тарихи ұлыттық құндылық» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференция жұмысына облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, облыстың құқық қорғау органдарының басшылары, судьялар, ректорлар, профессорлар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Ақтөбе және Қызылорда халық билер сотын талқылады

11/12/2017

Ақтөбе облыстық соты «Қазақтың билер соты – тарихи ұлттық құндылық» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Шара қазақ билер сотының дамуы мен құрылу тарихын зерттеу, мәдени және құқықтық тарихи мұраны сақтау, жастардың бойында мемлекет және құқық тарихына деген патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Конференция жұмысын облыстың судьялары мен  ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Павлодарда «Рухани жаңғыру - тұрақты елдің негізі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті

08/12/2017

Ғылыми-практикалық конференция Елбасының рухани жаңғыру идеясының маңыздылығын айшықтау, қазақ билер сотының дамуы мен құрылу тарихын зерттеу, Алаш орда қозғалысының тарихи рөлін бағамдау, сан ғасырлық мәдени мұраны сақтау арқылы ұлттық кодты қалыптастыру тетіктерін айқындау, жастардың бойында мемлекет және құқық тарихына сый-құрмет қарым-қатынасын тәрбиелеу, мақтаныш және патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Ақмола облыстық сотында билер соты институтына арналған конференция өтті

20/10/2017

Ақмола облыстық сотында «Қазақ даласының билер соты – егеменді еліміздің сот-құқық жүйесінің негізі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Конференция қазақ билер сотының дамуы мен құрылу тарихын зерттеу, мәдени және құқықтық тарихи мұраны сақтау, жастардың бойында мемлекет және құқық тарихына деген патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Сот жүйесінің өкілі «Тіл шебері - 2017» республикалық конкурсының бас жүлдесін иеленді

28/09/2017

«Тіл шебері - 2017»  республикалық конкурсына сот жүйесінің атынан қатысқан Есіл аудандық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы Нұрдәулет Арыстанбеков жоғары марапат – бас жүлдеге және үздік полиглот атағына лайық деп танылды. Оған лауреат дипломы мен ақшалай сыйлық табысталды.

Алматы облыстық сотында мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында меморандумға қол қойылды

09/08/2017

Мемлекет Басшының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Алматы облыстық филиалының төрағасы міндетін атқарушы Бақытжан Шошықбаев, Алматы облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Манас Бурашев пен Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама, ішкі саясат, білім,тілдерді дамыту басқармасының басшылары, сондай-ақ І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.