адвокаттар

Жоғарғы Сотта адвокаттармен және заңгерлермен кездесу өтті

07/12/2019

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов соттардың адвокаттардың заңмен берілген барлық әлеуетін іске асыруға бекемдігі туралы айтты. Жоғарғы Соттың жарыспалылық, қорғау мен айыптау тарапының теңдігі қағидатын бастамашылық жасап ілгерілетуге күш салатыны аталып өтілді. Сонымен қатар, бірқатар еуропалық елдердің тәжірибесі бойынша қылмыстық сот ісін жүргізуге қорғау актісі мен айыптау актісін қылмыстық іс материалдарынсыз сотқа жіберу практикасы  талқыланды.

Адвокаттар мен заңгерлер қауымдастығы өкілдерінің назарына!

20/11/2019

А.ж. 6 желтоқсанда Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов адвокаттар және заңгерлер қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізеді.  Іс-шараны Жоғарғы Сот Республикалық адвокаттар алқасымен бірлесе ұйымдастырады. Мақсаты: сот ісін жүргізудегі өзекті мәселелерді талқылау.

Ақмола облыстық соты және адвокаттар алқасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

04/07/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров пен Ақмола облысы адвокаттар алқасының төрайымы Ғалия Ибраева азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаларын сақтау, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, татуласу рәсімдерін жан-жақты дамыту бойынша өзара іс-қимылды нығайту, сот ісін жүргізудің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, судьялар мен адвокаттар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Маңғыстауда судьялар мен адвокаттар ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойды

14/06/2017

Маңғыстау облыстық соты мен Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасы өзара ынтамақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Іс-шараға облыстық сот төрағасы Жақсылық Аланов, өңір судьялары, облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Басир Якушев, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, кеңсе қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Астанада Әскери сот адвокаттар үшін «Сот кабинеті» сервисін қолдану бойынша семинар өткізді

09/06/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіндіктерін және оны қолдануды түсіндіру мақсатында Астана қаласының заң кеңесінің адвокаттарына семинар сабағын өткізді.

Семинар тыңдаушыларына «Сот кабинеті» электронды сервисіне тіркелу/кіру нұсқаулығынан бастап, сервис функционалдарының әрқайсысының ішіндегі тараулары бөлек-бөлек мысалдар келтіру арқылы түсіндірілді.

Атырауда облыстағы судьялардың және адвокаттардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

22/05/2015

Атырау облыстық соты Оқу орталығының бастамасымен судьялардың және адвокаттардың қатысуымен «Тергеу судьясының өкілеттіліктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары, азаматтық және қылмыстық істерді адвокаттардың қатысуымен қараудың тәртібі мен ерекшеліктері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары мен адвокаттар қатысты.