Маңғыстауда судьялар мен адвокаттар ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық соты мен Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасы өзара ынтамақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Іс-шараға облыстық сот төрағасы Жақсылық Аланов, өңір судьялары, облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Басир Якушев, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, кеңсе қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ж.Аланов іс-шараны аша келе,  меморандумға қол қоюдағы мақсат азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаларын сақтау, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, дауларды (жан-жалдарды) сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту және белсенді енгізу бойынша өзара іс-қимылды нығайту, сот ісін жүргізудің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріндегі ынтымақтастықты нығайту болып табылатындығын жеткізді.

Қол қою рәсімінде тараптар құжат партисипативті рәсім тәртібінде дауларды реттеу тетіктерін кеңінен қолдануға және насихаттауға, бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернет желісі арқылы дауларды (жан-жалдарды) сотқа дейін және соттан тыс реттеудің мүмкіндіктері мен басымдықтарын, соның ішінде медиациялық рәсімдерді қолдана отырып, бірлесе құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталғанын атап өтті.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі