9 мамыр құттықтау

Құрметті оқырмандар!

30/04/2019

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке біздің ең айтулы жетістігіміз – бейбітшілік, тұрақтылық, келісім, бірлік пен достықтың жарқын көрінісі. Дәл осы құндылықтар тәуелсіз Қазақстан саясатының негізін құрайды.

Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Құрметті оқырмандар!

05/05/2018

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Шаттыққа толы осы күндер қазақстандағы барлық азаматтардың мерейін үстем еткен, ұрпаққа үлгі болған, тағылымы терең тарихи мейрамдар! Бұл – Отан қорғаушылардың бұрынғы және қазіргі кездегі даңқты ерліктеріне сый-құрмет көрсетілетін айрықша күндер.

Құрметті оқырмандар!

05/05/2017

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және  9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Жеңіс күні – бұл естелікке толы мереке және өскелең ұрпаққа бейбіт өмірдің қадір-қасиеті туралы өсиет айтатын айрықша күн. Бұл мереке сұрапыл соғысқа қатысып, фашизмді тізе бүктірген аталарымыз бен әкелеріміздің қаһармандық ерліктері мен жанқиярлық қайсарлығын еске түсіреді. Олардың бірқатары Жеңіс күніне жете алмады, көбісі өмірден өтті. Дегенмен, олардың ерліктері туралы естелік ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы М.Әкетай: «Бірлік – халықтың ынтымағы арқасында қол жеткізген еліміздің басты құндылықтарының бірі»

05/05/2017

Ақтөбе облыстық соты мен өңірдегі барлық соттарда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шаралар өткізілді.

«Мәңгілік алау» даңқ мемориалына гүлдер мен гүл шоқтары қойылды.