Солтүстік Қазақстан облысының екі аудандық соттарында фронт-кеңселер ашылды
Мамлют аудандық сотында және Мағжан Жұмабаев аудандық сотында фронт-кеңселерді ашты. Іс-шараларға судьялар, аудандардың әкімдері мен медиаторлар қатысты.
Мағжан Жұмабаев аудандық сотында ашылу салтанатында Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Айдар Смағұлов сөз сөйлеп, фронт-кеңседе сотқа келушілерге барынша қолайлы жағдайлар жасалды деп жауап берді.