Сот төрелігі академиясының Жобалық офисі «Жобаларды басқару практикасы» тақырыбында семинар өткізді
Бір апта көлемінде «Жобаларды басқару практикасы» семинарына қатысушылар мемлекеттік мекеме шеңберінде жобалық басқарудың негізгі қағидаттары мен әрекет ету тетіктерін оқып-үйренді. Семинарда жалпы теориялық сабақтармен қатар, практикалық тренингтер, топтық жұмыстар жүргізілді.