жұмыс іссапар

Алматы облыстық сотының төрағасы М.Таймерденов Райымбек және Еңбекшіқазақ аудандар тұрғындарымен кездесті

28/09/2017

Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов Райымбек ауданы тұрғындарының активімен кездесті.

Кездесуге аудан және ауылдық округтерінің әкімдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен оқу орындарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында М.Таймерденов қылмыстық процесті реформалау және құқық қорғау қызметінің өзге де аспектілерін жетілдіру, «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисінің жұмыстарына, «Талдау» форумының ақпараттық-талдамалық қызметінің жетістіктеріне тоқталып өтті.

Қайрат Мәми Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барды

25/04/2017

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми бастаған делегацияның Сеул қаласына (Оңтүстік Корея) ресми сапары басталды.

Іссапар шеңберінде қазақстандық делегация Кореяның Жоғарғы Сотында болып, онда осы соттың төрағасы Янг Сынг-тэ мырзамен кездесті. Кездесу барысында Қ.Мәми кореялық әріптестерімен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін және өзара іс-қимыл орнатқан жылдар ішінде қалыптасқан екі жақты қарқынды байланыстың сенімді мәмілегерлік сипат алғанын атап өтті.

Ресей Президентінің кеңесшісі Вениамин Яковлев бастаған ресейлік делегация Қазақстанның Жоғарғы Сотына келді

20/06/2016

Ресей Президентінің кеңесшісі В.Ф. Яковлев бастаған ресейлік делегация Жоғарғы Сотқа келді. Іс-шара Қазақстан Республикасына жұмыс іссапарының шеңберінде өтуде.

Сапар шеңберінде ресейлік делегацияның Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмимен кездесуі өтті. Кездесу шеңберінде тараптар екі ел сот жүйесінің дамуы туралы өзекті ақпаратпен және жылы лебіздермен алмасты. Кездесуге сондай-ақ Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі М.Бочарников қатысты.