жалақы

Алматыда сот жалақы өндіру бойынша жұмысшының құқықтарын қорғады

11/04/2017

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында талапкер Ш-ның жауапкер «ОРДА-КК» ЖШС-нен жалақы қарызын өндіру туралы талап арызына сәйкес азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптардың еңбек қатынасында болғандығы анықталды, талап қоюшы бухгалтер қызметін атқарған. Жауапкер талап қоюшыға екі айлық жалақы қарызын төлемей, еңбек заңнамасының талаптарын бұзғандығы туралы анықталды. Жауапкердің талап қоюшыға жалақы төлемеуіне байланысты кінәсі толығымен дәлелденді.

Маңғыстау облысында жалақы қарызын өтеу жөніндегі талап арыз қанағаттандырылды

11/06/2015

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотында талапкер К.Ақшолақованың жауапкер «Түпқараған» ЖШС-нен жалақысын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкерге 2014 жылғы қаңтар айынан бастап наурыз айын қоса есептелген кезеңдегі жалақысы және жұмыстан шыққаннан кейін ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақысы төленбеген. Сонымен қатар 2013 жылғы сәуір айынан бастап оның жалақысынан міндетті зейнетақы жарналары ұсталған, бірақ қаржы зейнетақы қорына аударылмаған. 

Ақтөбе қалалық соты жалақы сомасын өндірді

03/02/2015

Ақтөбе қалалық соты талапкер Н.Баймағамбетовтің жауапкер «ҚР ІІМ Көліктік ішкі істер департаментінен» амалсыз жұмысқа келмеген күндері үшін жалақы өндіру туралы азаматтық істі қарады.

2014 жылғы 24 шілдедегі Ақтөбе қалалық сотының шешіміне сәйкес талапкер Н.Баймағамбетовке қатысты жұмыстан шығару жөніндегі бұйрығы заңсыз деп танылып, жұмысқа қайта орналасып, осыған байланысты жұмыс беруші талапкердің амалсыз жұмысқа келмеген күндерінің жалақысын төлеуге міндеттенген болатын.