ювеналдық соттардың жұмысы

Қарағанды облысының судьялары кәмелетке толмағандарға қатысты сот ісін жүргізуді дамыту мәселесін талқылады

03/03/2017

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот төрелігінің қалыптасуы және дамуы» атты тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Форум жұмысына судьялар, ішкі істер бөлімі, қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің өкілдері, ғылым саласының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бурабайда ювеналды соттар жұмысының мәселелері бойынша БАҚ өкілдеріне арналған семинар өтті

28/02/2015

Бүгін Ақмола облысының Бурабай кентінде республика өңірлері мен Алматы және Астана қалаларының БАҚ өкілдеріне арналған ювеналды соттар жұмысы бойынша оқыту семинары өтті. Іс-шараға Жоғарғы соттың судьясы Ғ. Ақ-қуова, Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.Раззақ, Бас прокуратураның және Білім және ғылым министрлігі Бала құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық және отандық сарапшылар қатысты.