Қарағанды облысының судьялары кәмелетке толмағандарға қатысты сот ісін жүргізуді дамыту мәселесін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот төрелігінің қалыптасуы және дамуы» атты тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Форум жұмысына судьялар, ішкі істер бөлімі, қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің өкілдері, ғылым саласының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қарағанды облысының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанна Сейдалина жұмыс барысын ашып, кәмелетке толмағандардың сотының қызметі, жалпы ювеналды әділеттің тиімділігін  атап өтті.

Судьялар өз баяндамаларында өткен бес жыл ішіндегі ювеналды сот қызметінің нәтижелерін қорытындылады, одан әрі келешекте кәмелетке толмағандардың сот ісін жүргізуді дамыту бойынша өзекті сұрақтарды көтерді.

Конференция барысында Қазақстандық ювеналдық сот төрелігіне халықаралық құқықнормаларының әсері туралы сұрақтары, ювеналдық соттың мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен қарым қатынасы, Қарағанды облысындағы кәмелет жасқа толмағандарға қатысты сот төрелігінің қалыптасуы бойынша сұрақтары талқыланды.

5 жыл ішінде соттың қол жеткізген жетістіктері аталып, одан әрі балалар мүддесі үшін жұмысты жетілдірудің жолдары баяндалды.

Қайнар: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз-қызметі