Сот актісін орындамау

Павлодарда судьялар сот үкімі, сот шешімі немесе басқа сот актісі мен атқару құжатын орындамау бойынша әкімшілік істер қараудың практикасын талқылап өтті

23/08/2017

Павлодар облыстық соты оқу орталығының базасында прокуратура, әкімшілік полиция, әділет органдары, жергілікті полиция қызметтері өкілдерінің, сот орындаушыларының, адвокаттар мен сот приставтарының қатысуымен «Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту» атты өзекті тақырыпқа «дөңгелек үстел» өтті.