Кітап

Атырау облыстық сотының 80-жылдығына орай кітап шығарылды

21/01/2019

Кітаппен таныстыру шарасына Қазақстан кәсіподақ федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов, зиялылар қауымының, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, судьялар мен сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Атырауда Жоғарғы Соттың судьясы Ә. Құрықбаевтың кітабы таныстырылды

31/05/2018

Атырау облыстық сотында Жоғарғы Соттың судьясы Әділ Құрықбаевтың алқабилер туралы кітабы таныстырылды.

Іс-шараға судьялар, прокуратура және ішкі істер органдарының,  сондай-ақ, облыстық әкімдіктің өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық соты өзгертілген және күші жойылған сот актілері жинағының тұсаукесер рәсімін өткізді

18/07/2017

Шығыс Қазақстан облыстық соты өңір судьяларына ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында өзгертілген және күші жойылған сот актілері көрсетілген сот бұйырықтары жинағының тұсаукесер рәсімін өткізді.

Тұсаукесер рәсімінде азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев, сот бұйырықтарында азаматтық істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауда жиі кездесетін қателіктері бар сот актілері жиыны тіркелгендігін, бұл жинақ судьялардың жұмысындағы қателіктерге жол бермеуге көмегі тиетіндігіне кәміл сенімін білдірді.  

Павлодар облысында «Медиацияның қолжетімділігі туралы» кітапша шықты

13/07/2016

Бітімгершілік рәсімдерді насихаттау және дамыту мақсатында Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Медиацияның қолжетімділігі туралы»  кітапшалары шығарылды.

Кітапшада азаматтарға медиациялық келісімнің барлық негізгі міндеттері мен артықшылықтарын көрсететін, тек заңға ғана емес, медиация орталықтарының тәжірибесіне негізделген.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Тілім - тірегім» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

17/06/2015

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпазы, облыстық соттың ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қабыл Дүйсенбидің «ТІЛІМ − ТІРЕГІМ» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы мен алқа төрағалары, судьялар және кеңсе қызметкерлері, тілші-ғалымдар, облыс, қала әкімдіктерінің білім, жастар саясаты, тілдерді дамыту басқармаларының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.