Әкімшілік кодекс

Сотты құрметтемегені үшін 6 азаматқа әкiмшiлiк жаза тағайындалды

24/03/2017

2017 жылдың басынан Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 6 сот отырысына қатысушыларға қатысты әкімшілік істерді қарады.

Аталған  азаматтар сотқа шақыру қағазы және хабарлау бойынша дәлелді себептерсіз келмеу, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбау, сотта белгіленген қағидаларды бұзу, сондай-ақ өзге де әрекеттер жасап, сотқа құрметтемеушілік білдірген. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін Қостанай қаласы әкімдігінің қызметкеріне айыппұл салынды

19/05/2016

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 207 бабы 8 бөлігі бойынша азамат Д-ға қатысты әкімшілік істі қарады (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу).

Судьялар әкімшілік заңнамадағы жаңашылдықтарды талқылады

31/12/2014

Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік соты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының жаңа кодексінің негізгі ережелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасының міндетін атқарушы Д.Шамұратов, кеңсе меңгерушісі, аудандық прокуратура, құқық қорғау органдары, әділет басқармасы, «Бурабай АЭА» кеден бекетінің және тағы басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.

Павлодар облыстық соты жаңа әкімшілік заңнамадағы нормаларды талқылады

17/10/2014

Павлодар облыстық сотында «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы жаңа кодекстің негізгі новеллалары» тақырыпында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға облыстық, ауданаралық мамандандырылған соттардың судьялары, облыстық прокуратура, көші-қон полициясы, салық департаменті, және ішкі істер органдарының өкілдері қатысты.

Шымкенте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістер талқыланды

08/10/2014

Бүгін Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін енгізілетін өзгерістерге арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға облыстың судьялары,  құқық қорғау, салық органдары, кеден, қаржы және көліктік бақылау, еңбек қорғау бойынша мемлекеттік инспекциясы жүйелерінің өкілдері қатысты.