Сотты құрметтемегені үшін 6 азаматқа әкiмшiлiк жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың басынан Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 6 сот отырысына қатысушыларға қатысты әкімшілік істерді қарады.

Аталған  азаматтар сотқа шақыру қағазы және хабарлау бойынша дәлелді себептерсіз келмеу, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбау, сотта белгіленген қағидаларды бұзу, сондай-ақ өзге де әрекеттер жасап, сотқа құрметтемеушілік білдірген. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған.

Сот қаулыларымен 6 азамат сотты құрметтемегені үшін кінәлі деп танылып, соның ішінде 1 құқық бұзушы 5 тәулік мерзімге қамаққа алынды, 5 құқық бұзышыға ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі