есірткі

Ақтөбеде аса ірі мөлшердегі есірткі затын өткізуші 10 жылға бас бостандығынан айырылды

26/07/2016

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты) айыпталған К.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Павлодар қаласында Қырғызстан азаматы аса iрi мөлшердегі есірткі контрабандасы фактісі үшін сотталды

23/12/2015

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса iрi мөлшердегі есірткінің заңсыз контрабанда фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

Іс материалдары бойынша, 2015 жылғы 2 шілдеде шекаралық бақылаудан өту кезінде Қырғызстан азаматы А.А.Хасановтың автокөлігін тексеру барысында жалпы салмағы 29844,08 грамды құрайтын героин және есірткі салмағы 0,61 грамм құрайтын гашиш 31 брикет есірткі заттары табылды.

Есірткі затын заңсыз дайындап, сақтаған адамдарға қатысты сот үкімі жарияланды

05/03/2015

Бүгін алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен өте ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, дайындап, сақтаған сотталушылар С.Микаров пен С.Алпыбаевқа қатысты Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  үкімі жариялады. 

Оқиға болған жерден 2 полиэтилен қаптағы, жалпы салмағы 18 150 грамм болатын есірткі заты – кептірілген марихуана табылған.

Қостанайда шекарадан 32 келіден артық героин алып өткен және сақтаған есірткі сатушы 16 жылға сотталды

17/02/2015

Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судья Б.Ұзақбаевтың төрағалық етуімен ҚР ҚК   259-б. 3-б. «в»-т., 250-б. 4-б., 24-б. 3-б., 250-б. 4-б. (Есiрткi заттарын аса ірі көлемде заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату) бойынша айыпталған азамат С.Абдурасуловқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды.

Сот Қырғыстан азаматын 16 жылға бас бостандығынан айырды

06/02/2015

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық соты 1978 жылы туған Қырғызстан азаматы Н.Маминовқа қатысты үкім шығарды.

Сотталушы ҚР ҚК   259-б. 3-б. «в» т., 250-б. 4-б., 24-б. 3-б., 250-б. 4-б. (Есiрткi заттарын аса ірі көлемде заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату, ҚР мемлекеттік және кедендік кедендік шекарасынан аса ірі көлемде есірткі затын тасымалдау) бойынша айыпты деп танылды.