Ақтөбеде аса ірі мөлшердегі есірткі затын өткізуші 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты) айыпталған К.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың 12 қаңтарында  К., есірткелік мас күйде бола тұра, пайда күнемдік ниетпен, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Жем қаласында Б. есімімен «сатып алушы» ретінде жедел іздестіру шарасына қатысқан Р.-ға 2 100 000 теңгеге аса ірі мөлшердегі жалпы салмағы 4 835 грамм болатын марихуана-есірткі затын заңсыз өткізген. 

Сот үкімімен сотталушы К. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297- бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оның мүлкі тәркіленіп, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі