Сот төрағалары «Уақыт.kz» бағдарламасына қатысты
10/06/2014
2014 жылғы 9 маусымда Саран қалалық сотының төрағасы Б.Имашев пен Октябрь ауданының №3 аудандық сотының төрағасы О.Омаров «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының «Уақыт.kz» бағдарламасының кезекті түсірілімне қатысты.
Бағдарламаның тақырыбы - медиация рәсімін қолдану мәселелері.
Сот істерін қарау кезінде медиация рәсімін қолдану бойынша аталмыш соттардың көрсеткіштері облыстың басқа соттарына қарағанда анағұрлым жоғары.