Сот төрағалары «Уақыт.kz» бағдарламасына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 9 маусымда Саран қалалық сотының төрағасы Б.Имашев пен Октябрь ауданының №3 аудандық сотының төрағасы О.Омаров «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының  «Уақыт.kz» бағдарламасының кезекті түсірілімне қатысты.

Бағдарламаның тақырыбы - медиация рәсімін қолдану мәселелері.

Сот істерін қарау кезінде медиация рәсімін қолдану бойынша аталмыш соттардың көрсеткіштері облыстың басқа соттарына қарағанда анағұрлым жоғары.

Саран қалалық сотында 2013 жылы медиация рәсімімен орташа ауырлықтағы 24 қылмыстық және 9 азаматтық іс қаралған. 2014 жылдың 5 айында медиация рәсімімен 23 қылмыстық және 4 азаматтық іс қаралды.

Октябрь ауданының №3 аудандық сотында медиация рәсімімен 29 азаматтық және 1 қылмыстық іс қаралды.

Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында аталмыш соттардың төрағалары өз аймақтарында жергілікті әкімдермен бірігіп медиация рәсімін түсіндіруге бағытталған жүйелі жұмыстар атқаруда.  

Бағдарлама барысында медиацияның бірқатар артықшылықтары, яғни даудың көпшілікке жария болып кету қаупін азайту, рәсімнің бейресмилігі мен ыңғайлылығы, процестің ымыралыстығы мен толеранттылығы, шығындарды қысқарту жолымен уақыт пен қаржыны үнемдеу сияқты тағы да басқа ерекшеліктері айтылып өтті. 

Қайнар: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы