азаматтарды жеке қабылдау

Павлодар облыстық сотының төрағасы экономикалық сотында азаматтардың көшпелі қабылдауын өткізді

21/02/2017

Мұхтар Смағұлов Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына барып қайтып, азаматтардың көшпелі қабылдауын өткізді.

Кездесу азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру, сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған.

Осы күні қабылдауда жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі, сондай-ақ салық заңнамасы мен байқау өндірісі, жер саласындағы мәселелер бойынша байқау басшылары болып қайтты.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев Қордай аудандық сотында азаматтарға көшпелі қабылдау өткізді

17/02/2017

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев Қордай аудандық сотында азаматтарға көшпелі қабылдау өткізді. Төрағаның қабылдауына жер дауы, отбасы-тұрмыстық қатынастар, сот актісінің орындалуы бойынша туындаған дауларымен аудан тұрғындары А.Ауғамбаев, П.Тұяқбаев, Д.Нұрабаев, О.Нұрабаева, Ф.Цимер, Ж.Медеу, А.Айдарханова, Г.Алібекова, сондай-ақ Қордай заңгерлік кеңесінің адвокаттары З.Тоқтағұлова, А.Окуньков, Г.Несіпбаева келді.