Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев Қордай аудандық сотында азаматтарға көшпелі қабылдау өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев Қордай аудандық сотында азаматтарға көшпелі қабылдау өткізді. Төрағаның қабылдауына жер дауы, отбасы-тұрмыстық қатынастар, сот актісінің орындалуы бойынша туындаған дауларымен аудан тұрғындары А.Ауғамбаев, П.Тұяқбаев, Д.Нұрабаев, О.Нұрабаева, Ф.Цимер, Ж.Медеу, А.Айдарханова, Г.Алібекова, сондай-ақ Қордай заңгерлік кеңесінің адвокаттары З.Тоқтағұлова, А.Окуньков, Г.Несіпбаева келді.

Аудан тұрғындары толыққанды жауаптармен және туындаған сұрақтарға ұсынымдар алып, жүгінген азаматтардың ешқайсысы назарсыз қалмады. Қордай заңгерлік кеңесінің адвокаттарына ҚР «Медиация туралы» Заңын белсенді қолдануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бастамашылық етілген пилоттық жобаның іске асуы мақсатында міндетті түрде дауды сотқа дейін реттеуді тәжірибеге енгізуге ұсыныс жасалды.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі