айыппұл

100 мың теңге көлемінде пара алған мемлекеттік қызметші 6 млн. теңге айыппұл төлейтін болды

24/07/2015

Бүгін Қостанай қаласының №2 сотында қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы Ж.Кендірбаеваға қатысты сот үкімі шықты.

Іс материалдары бойынша, Қостанай қаласы әкімдігі ұсынған тендерлік құжаттарды тексеру кезінде оның «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес келмейтін тұстарын  анықтаған Кеңдірбаева барлық конкурстық комиссия мүшелерін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 100 мың теңге көлемінде пара алған.

100 мың теңге көлемінде пара алған мемлекеттік қызметші 6 млн. теңге айыппұл төлейтін болды

23/07/2015

Бүгін Қостанай қаласының №2 сотында қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы Ж.Кендірбаеваға қатысты сот үкімі шықты.

Іс материалдары бойынша, Қостанай қаласы әкімдігі ұсынған тендерлік құжаттарды тексеру кезінде оның «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес келмейтін тұстарын  анықтаған Кеңдірбаева барлық конкурстық комиссия мүшелерін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 100 мың теңге көлемінде пара алған.

Атырауда шетелдік азаматқа айыппұл салынды

10/07/2015

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты  Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігі бойынша (Шетелдiктiң  Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті рұқсатты алмастан еңбек қызметін жүзеге асыруы)   Қашаған жобасындағы мұнай  компаниясында  рұқсат құжаттарсыз жұмыс жасаған Ұлыбритания азаматы Грей Крейг Дэвидке  қатысты  әкімшілік істі қарады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы секторының бұрынғы меңгерушісі мемлекетке 14 400 000 теңге айыппұл төлейді

27/05/2015

Қарағанды облысының Сәтбаев қалалық сотында «Тұрғын үй-коммуналдық және жолаушылар көлігі бөлімі» ММ-нің шаруашылығы секторының бұрынғы меңгерушісі Ғ.Сүтбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша бір азаматша ағасының үйін ресімдеу үшін Ғ. Сүтбаевтан көмек сұраған. Ғ.Сүтбаев құжаттарды ресімдеу үшін 110 000 теңге көлемінде пара алған.

Шетелдіктің көші-қон заңнамасын бұзуы

05/02/2015

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік  сотында  Ю.М. Доценкоға қатысты іс қаралды.

Қазақстан Республикасына уақытша келген  Ресей Федерациясының азаматшасы Ю.М. Доценко, белгіленген мерзімде елден шығудан жалтарып,  «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары» талаптарын қасақана бұзып әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген.

Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдік сотталды

25/11/2014

Бүгін Беларусь Республикасының азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сотта анық болғандай, шетелдік азамат құжатсыз және тиісті рұқсатсыз Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Қамысты ауылдық округінен қашық емес жердегі Қазақстан шекарасынан заңсыз өткен.

Сот отырысында сотталушы Ресей қалаларынан өтіп, Волгоградқа жеткенін, картадан Қазақстанға дейінгі кысқа жолды белгілегенін, шіркеуге жұмысқа орналасуға келгенін айтты.

«Мемлекеттік рәміздер туралы» ҚР Конституциялық Заңының талаптарын бұзған лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды

19/11/2014

Ақмола облысының Бұланды аудандық соты «Мемлекеттік рәміздер туралы» ҚР Конституциялық Заңы талаптарының орындалуын қамтамасыз етпеген ауданның 6 лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік істерді қарады.

Сот Бұланды ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында мемлекеттік мекеме ғимараттарында мемлекеттік рәміздерді, соның ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын қолданудағы бұзушылықтарды анықтаған.

Бір сәтте үш әкімшілік құқық бұзушылық

03/11/2014

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты жол жүру қозғалысы ережесін сақтамай жарық бағанына соқтығысқан Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі У.Мұханбетқалиевті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жоғарыда аталған автокөлік жолаушысының денсаулығына абайсызда орта дәрежедегі зиян келтірілген, сонымен қатар «Жайық жарығы» ЖШС-не материалдық шығын келтірілген.

Заңдарды білмеу жауапкершіліктен босатпайды

11/09/2014

Ақмола облысының Бұланды аудандық соты Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексінің 396-бабының 4-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ азаматтың құзырлы органдарының рұқсатынсыз жұмысқа орналасқанына қатысты іс қарады.

Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы аумағына жеке мақсаттармен келіп, құзырлы органдарының рұқсатынсыз жұмысқа орналасқан. Осылайша ол Қазақстан Республикасына келген шет ел азаматтарының Ереже талаптарын бұзған.

Беттер