Астана қ.соты

Астана қалалық сотында инвестициялық дауларды қарау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды

09/02/2018

Бүгін судьялардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, прокуратура, мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің және инвесторлардың қатысуымен Астана қалалық сотында «Инвестициялық қызметтен туындайтын даулар бойынша соттылықты анықтау мәселелері»  тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Астана қалалық сотының судьясы Мараш  Манабаева осы іс-шараны аша келе, инвестициялық сот ісін жүргізудің негізгі міндеті инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сапалы қорғау, олардың отандық сот жүйесіне сенімін арттыру болып табылатынын атап өтті.

Медиация институты әлеуметтік мәселелерді шешу құралы іспеттес

28/11/2016

«Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі «Медиация институтын әлеуметтік мәселелерді шешуде пайдалану және қоғамда келісім мен тұрақтылықты орнықтыру» атты мемлекеттік гранты аясында «Әлеуметтік дамудың өзекті мәселелері және оларды медиация мүмкіндіктерін пайдалана отырып шешу тәсілдері»  тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.