Медиация институты әлеуметтік мәселелерді шешу құралы іспеттес

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі «Медиация институтын әлеуметтік мәселелерді шешуде пайдалану және қоғамда келісім мен тұрақтылықты орнықтыру» атты мемлекеттік гранты аясында «Әлеуметтік дамудың өзекті мәселелері және оларды медиация мүмкіндіктерін пайдалана отырып шешу тәсілдері»  тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Отырысқа Астана қалалық сотының судьясы Г.Рахметова, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ-ның Президенті Ж.Жақыпов, Астана қалалық соты жанындағы Соттармен өзара іс-қимыл кеңесінің төрағасы Ж.Көмекова, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес органдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері және медиаторлар қатысты.

Кездесу мақсаты даулар мен келіспеушіліктерді шешуге кәсіби емес және кәсіби медиаторды, қоғамдық белсенділерді тарту болып табылды.

Кіріспе сөзбен «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ-ның Президенті Ж.Жақыпов сөз сөйледі. Ол халықаралық құқық қорғау орталығы медиация институтын әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін қолдану бойынша республикалық жобаны іске асырады деп атап өтті.

«Жобаның негізгі мақсаттарының бірі әлеуметтік дамудың өзекті мәселелерін шешу тетігі ретінде қоғамдық медиация институтын алға жылжыту, медиация институтын пайдалана отырып, әлеуметтік мәселелерді, дауларды және келіспеушіліктерді шешу үшін беделі бар және құрметке ие қоғам көшбасшылары қатарынан медиаторлар пулын қалыптастыру болып табылады», - деп атап өтті Ж.Жақыпов.

Өз кезегінде Астана қалалық сотының судьясы Г.Рахметова әлеуметтік өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын медиация институтын пайдалана отырып, жергілікті биліктер мен қауымдастықтар ресурстарын тарта отырып шешу жолдарын іздестіру қажет екені туралы атап өтті.

Дөңгелек үстел соңында қоғамда медиация институтын қолдануды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді. 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі