Аршалы аудандық соты

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты 2016 жылдың I жартыжылдығында 61 әкімшілік іс қарады

23/06/2016

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты 2016 жылдың I жартыжылдығында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) құқықбұзушыларға қатысты 61 әкімшілік іс қарады.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес құқық бұзушылар  алкогольдік жеңіл дәрежедегі масаң немесе нашақорлық күйде болғаны анықталған.