Ақмола облысы Аршалы аудандық соты 2016 жылдың I жартыжылдығында 61 әкімшілік іс қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты 2016 жылдың I жартыжылдығында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) құқықбұзушыларға қатысты 61 әкімшілік іс қарады.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес құқық бұзушылар  алкогольдік жеңіл дәрежедегі масаң немесе нашақорлық күйде болғаны анықталған.

Сот қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен 61 адам кінәлі деп танылып, әрқайсысына 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі