Ақтау

Жоғарғы Сот үш қылмыстық істі жүргізуді тоқтатып, сотталушыларды ақтады

30/01/2020

Ж.Телевтің ісі бойынша
Жәнібек Телев 2017 жылғы қаңтарда абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына әкеп соққан әскери кемелерді жүргізу және пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған. Ол ҚК-нің 465-бабы бойынша пробациялық бақылауға алына отырып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған.
Апелляция соттың үкімін өзгертті. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңның 2-бабы 3-бөлігінің 2) тармағының негізінде Телев жазасын өтеуден босатылды.

Жоғарғы Сот бөтеннің мүлігін иеленгені үшін сотталған әйелді ақтады

06/06/2018

Жоғарғы Соттың кассациялық алқасының екі отырысында төрт қылмыстық іс бойынша ақтау үкімдері шықты. Істердің бірі сотталған А.С.Ситинаның өтінішхаты бойынша қаралды.

Сотталған құрылыс материалдары дүкенінде сатушы болып істеген. А.С.Ситина дүкен иесімен еңбек қатынастарын заңды түрде ресімдемеген. Жұмыс берушімен қолма-қол 60 мың теңге жалақыға ауызша келісімге келеді. Кейінірек қожайын уақытша қиындықтарды желеу етіп, жұмыс істеген кезеңі үшін А.С.Ситинаға жалақысын төлеуден бас тартады. Қожайын әңгіме барысында оған дауыс көтереді.

Жоғарғы Сот әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты 2014 жылы сотталған адамды ақтады

05/06/2018

Тергеу органы «Қапланбек» шекара бақылау бөлімшесінің 27 жасар аға бақылаушысы Арман Сәрсенбаевты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, пара ретінде берілген ақшаны алып, Өзбекстан азаматтарын Мемлекеттік шекарадан заңсыз өткізгені үшін кінәлі деп таныған.  

Ақтау қалалық соты бұрынғы полиция қызметкерлеріне айыптау үкімін жариялады

02/08/2016

Ақтау қалалық сотында «Маңғыстау облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жеделден қою полиция қызметкерлері А.Көшербеков пен А.Исабековке қатысты қылмыстық іс өндірісі қаралып, аяқталды.

Маңғыстау облыстық Ақтау қалалық №2 соты медиация туралы «Ашық есік күні» өткізілді

31/05/2016

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық №2 соты «Ашық есік күні» өткізді.

«Ашық есік күніне» келген азаматтардың сауалдарына Маңғыстау облыстық сотының судьясы Г.Иманғалиева, Ақтау қалалық №2 сотының төрағасы Қ.Рысқалиева мен кәсіби медиаторлар Ә.Камаладинова, Д.Архабаев, С.Бектілеуов, Н.Сатқанова, Г.Қожамұратова және Ж.Сергей жауап берді.

Абайсызда жасалған қылмыс

16/09/2015

Кеше Ақтау қалалық сотында азамат Р.Акатовқа қатысты қылмыстық іс аяқталды.

Сот анықтағандай, Р.Акатов 2015 жылғы 12 маусымда «Шевроле-Нива» автокөлігін басқара отырып, Қазақстан Республикасы жол қозғалысы ережелерінің «14.1,10.1» тармақтарында көрсетілген талаптарын өрескел бұзған.  Ол  тұрғын үйге қарама-қарсы жүргінші өтпеліндегі жаяу жүргінші - 2005 және 2006 жылғы екі жасөспірімді қағып кеткен. Оқиға салдарынан жүргіншілер ауыр дене жарақатын алған. 

Ақтау қаласында Маңғыстау облысының алғашқы судьясына ескерткіш тақта орнатылды

22/11/2014

Бүгін сот жүйесінің ардагері, Маңғыстаудың ең алғашқы судьяларының бірі Ғизатолла Халидоллаұлы Ахметовтің туылғанына 100 жыл толуына орай Ақтау қаласындағы 7 шағын ауданда оған ескерткіш тақта орнатылды.

Маңғыстау облыстық соты мен Ақтау қалалық әкімдігінің ұйытқы болуымен өткізілген шараға облыстық соттың төрағасы Д.Әміров, қалалық мәслихаттың хатшысы Н.Молдағұлов, облыстың судьялары, сот жүйесінің ардагерлері мен кеңсе мамандары, қалалық әкімдіктің өкілдері мен Ғ.Ахметовтің туыстары қатысты.

Х-ға қатысты қылмыстық іс алдын ала тергеу жүргізу туралы мәселені шешу үшін прокурорға жолданды

03/11/2014

2014 жылғы 29 қазанда Ақтау қалалық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 111-бабы 1-бөлігімен (денсаулыққа абайсыздан зиян келтіру) Ақтау қаласының тұрғыны Х-ға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізу туралы мәселені шешу үшін прокурорға жолдау жөнінде қаулы шығарды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 394-бабына сәйкес Е.Катаева және оның өкілі Х-ның жасаған іс әрекетінің құрамы қасақана ауыр қылмыс жасады деген өтніші бойынша сот осындай шешім қабылдады.

Ақтауда «Соттағы медиация» тақырыбында семинар өз жұмысын бастады

26/09/2014

Маңғыстау облыстық сотында 2014 жылғы 26-27 қыркүйекте Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Ақтөбе облыстары судьяларының қатысуымен медиация бойынша өңірлік оқу семинары басталды. Семинарды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасымен бірлесіп «Қазақстан Республикасында медиация институтын енгізу» жобасының аясында қазақстандық тренер-медиаторлардың қатысуымен ұйымдастыруда.