Ақтауда сот иелену мерзімінің негізінде мүлікке меншік құқығын тану туралы талап арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының № 2 сотында талапкер Г-ның талап арызымен Н.-дан иелену мерзімінің негізінде мүлікке меншік құқығын тану туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа берген талап арызында Ақтау қаласында орналасқан пәтерді 2006 жылдың мамыр айында жауапкер Н-дан келісілген бағаға сатып алғанын, коммуналдық қызметтер үшін қарыздарды төлегенін, алайда, сол кезде сату-сатып алу туралы келісім шарт шасау үшін Н.-ның нотариусқа келмей қалғанын, сондықтан осы пәтерді адал, ашық және ұдайы  иеленіп келгенін көрсетіп, талап арызды қанағаттандыруды сұраған.

Сотта аталған мән-жайлар анықталып, дәлелденді.

Азаматтық кодекстің 240-бабының 1-бөлігіне сәйкес мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей жеті жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлікке меншік құқығын (иелену мерзімін) ала алады.

Сондықтан, талап арыз қанағаттандырылып, талапкер Г-ға аталған мүлікке меншік құқығы танылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі