8 наурыз мерекесімен құттықтау

Құрметті ханымдар!

07/03/2019

Сіздерді 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Қазақстан қоғамында әйелдер, ең алдымен, аяулы ана, сүйікті жар, кәсіби маман және жауапты лауазым иесі. Сондықтан да айтулы мереке қарсаңында абзал аналар мен аяулы аруларға лайықты сый-құрмет көрсетілуі – елдігіміздің белгісі.

Дана халқымызда: «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», «Қыз өссе – елдің көркі» деген қанатты сөздер бар. Бұл сөздер – халқымыздың ежелден әйел затын ардақтай білгенінің айғағы.

Құрметті ханымдар!

07/03/2018

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Әйелдер құқықтарын қорғауға үндеген саяси науқан түрінде басталған 8 наурыз мейрамы Қазақстанда айрықша идеологияға ие.  Бұл – әйел болмысына тән ізгі қасиеттерді құрметтеп, алғыс білдіретін тамаша мереке.

Құрметті ханымдар!

07/03/2017

Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бұл мерекені бүкіл республика жұртшылығы, барлық ұжым мен әрбір отбасы атап өтеді. Осы мереке қазіргі әйелдердің көп қырлы болмысын дәйекті сипаттауға тамаша мүмкіндік береді. Қазақстан қоғамында әйелдер, ең алдымен, аяулы ана, сүйікті жар, кәсіби маман және жауапты лауазым иесі. Сондықтан да айтулы мереке қарсаңында абзал аналар мен аяулы аруларға лайықты сый-құрмет көрсетілуі – елдігіміздің белгісі.

Республика соттарында 8 наурыз мерекесіне орай салтанатты іс-шаралар өтті

07/03/2017

Ақтөбе облыстық сотында Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараға облыс судьялары мен жауапты мамандар қатысты. Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай Мемлекет басшысы гендерлік саясатқа әрдайым айрықша мән беріп келе жатқанын атап өтті.  Судьялар мен жауапты мамандары  да сот саласында қызмет атқара жүріп, еліміздің сот жүйесінің дамуына зор үлестерін қосуда. Қазіргі таңда әйелдердің жауапты қызметтерде жұмыс атқаруларына барлық мүмкіндіктер жасалған.   

Жоғарғы Сотта Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын өтті

06/03/2017

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми жоғары сот органының әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары, Судьялар Одағы Орталық Кеңесінің мүшелері, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.